2025 - 2026 оқу жылының есебі » Талицкая основная общеобразовательная школа
Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің
"Талица жалпы негізгі білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2025 - 2026 оқу жылының есебі
22
май
2026

2025 - 2026 оқу жылының есебі

2025–2026 оқу жылы бойынша жылдық есебі

(Оқу саласы) Оқу контингентінің қозғалысы

2025–2026 оқу жылының басында (жаз уақытында келген оқушыларды қоса алғанда) мектепте барлығы 78 оқушы білім алды. Жыл барысында оқушылар қозғалысында өзгерістер орын алды.

  • І тоқсанда – 5 оқушы басқа білім беру ұйымдарына ауысты.
  • ІІ тоқсанда – 7 оқушы кетті.
  • ІІІ тоқсанда – оқушылар қозғалысы тіркелмеді.
  • ІV тоқсанда – 1 оқушы кетті.

Нәтижесінде оқу жылының соңында мектепте 65 оқушы болды. Оқушылар санының азаюы көші-қон және отбасының тұрғылықты жерін ауыстыру себептерімен байланысты болды.

Білім сапасының мониторингі

Оқу жылы бойы білім сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілді. Тоқсандар бойынша білім сапасының көрсеткіштері төмендегідей болды:

Тоқсан

Барлығы

Үздік

Екпінді

Қанағат

Білім сапасы

І тоқсан

68

21

26

20

70,1%

ІІ тоқсан

61

25

21

15

75,4%

ІІІ тоқсан

61

25

22

14

77%

ІV тоқсан

60

24

24

12

80%

Жылдық қорытынды

60

24

24

12

80%

Білім сапасының динамикасы

Тоқсандық көрсеткіштерді салыстыру нәтижесінде білім сапасының тұрақты өсу динамикасы байқалды.

  • І тоқсандағы 70,1%-дан жыл соңында 80%-ға дейін көтерілді.
  • Жалпы өсім шамамен 10%-ды құрады.
  • Үздік оқушылар саны 3%-ға артты.
  • Екпінді оқушылар көрсеткіші 2%-ға төмендеді.
  • Қанағат деңгейіндегі оқушылар үлесі 8%-ға азайды.

Бұл көрсеткіштер педагогтердің жүйелі жұмысының, оқушылардың оқу мотивациясының артуының және білім сапасын көтеруге бағытталған іс-шаралардың тиімділігін көрсетеді.


Бастауыш сынып мұғалімдер Әдістемелік бірлестігінің есебі

Талица негізгі жалпы білім беретін мектебінің 2025-2026 оқу жылында бастауыш сынып мұғалімдер бірлестігінің құрамында 8 мұғалім болды. Оның ішінде: 5 - бастауыш сынып мұғалімдері, 2 - даярлық тобының тәрбиешісі,    1- шағын орталық. 6 мұғалімде жоғары, 2-де арнаулы орта білім бар, 1 ұстаз  педагог - зерттеуші, 3 педагог – сарапшы, 2 педагог - модератор, 2 ұстаз – санатсыз.


 




       Бірлестіктің 2025 – 2026 оқу жылындағы тақырыбы: «Сабақта жаңартылған бағдарламаны енгізе отырып, оқушылардың танымдық қабілетін арттыру».

      Мақсаты: Мұғалiмдердің педагогикалық және кәсіби шеберлігін, құзырлығын және сабақ беру әдістемесін үздіксіз жетілдіру.

       Әр мұғалім жыл бойы өздік жеке тақырыбын осы тақырыптың негізінде анықтап, жұмыс жасады.

     Әр тоқсан сайын бастауыш сынып оқушыларының білім, білік дағдыларын анықтау мақсатында, салыстырмалы талдау жұмыстары өткізіліп, көрсеткіші төмен пәнді анықтап, кемшіліктерді жою жұмыстары міндеттелді. 2025-2026 оқу жылында бастауыш сыныптарда – 26 оқушы оқыды, оның ішінде – 11 оқушы – оқу озаты.




Жылдық білім сапа көрсеткіші төмендегідей болды:

Әдебиеттік оқу – 90% , қазақ тілі – 87%, орыс тілі – 87%, математика – 90%.



Бірлестік отырысында негізгі пәндер бойынша білімнің сапалық деңгейі талданды, жазба жұмыстарында жіберілген кемшіліктері талқыланып, қорытындыланды.

       Бірлестік мұғалімдері жыл бойы өздік тақырыптары бойынша жұмыстар жасады. Оқушыларды зерттеу жұмыстарымен қатар, өзара сабақтарға қатысып, өз тақырыптары бойынша баяндамалар дайындап, бірлестік отырыстарында оқылып, талданды.

 Талица жалпы негізгі мектебінде бастауыш сыныптарда 2025 – 2026 оқу жылының І -жартыжылдықтың І – ІI тоқсанында өткізілген мектепішілік іс – шаралар

Білім күніне «Алғашқы қонырау».

«Күзгі жәрменке» өткізілді, женімпаздар грамотамен марапатталды.

«Тәуелсіздік күніне» тәрбие сағаттар.

25 қазан «Республика күні» тәрбие сағат және сүрет байқауы өтті.

Жаңажылдық ертеңгілік және жаңажылдық кеш.

       Желтоқсанның 26-і күні мектепалды даярлық сынып оқушыларына, шағын орталық тәрбиеленушілеріне және мектепке дейіңгі жастағы ауыл бүлдіршіндеріне, бастауыш сыныптар оқушыларына – сағат 10:00-де жаңажылдық ертеңгіліктер және орта буын оқушыларына сағат 12:00-де жаңажылдық кеш ұйымдастырылды.     

        ІI - жартыжылдықтың ІІI – IV тоқсанында келесі мерекелер және сынып сағаттар дайындап өткізілді

 «8 Наурыз - халықаралык әйелдер мерекесі».

«22 Наурыз мейрамы».

 Ақпан айында бастауыш сыныптар апталығы өткізілді. Оқушылар белсенді қатысып, женімпаздар грамотамен марапатталды.

«1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні».

 «9 мамыр – Жеңіс күні». 

   20 мамыр күні «Бастауыш мектебімен қоштасу» атты іс-шара өткізілді.

         Бастауыш сыныптарынын және мектепалды даярлық сыныбынын оқушылары, олимпиадаларға және конкурстарға қатысып орындарға ие болды. Жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың аудандық кезенінде қазақ тілі пәнінен 4 «Б» оқушылары Климов Петр 3 орын және 3 «Б» сынып оқушысы Климов Артем 3 орын. 2 «А» сынып оқушысы Тулеуғазы Елнұр математика 3 орын. «Ақбота» зияткерлік олмпиаданың жүлдегері 2 «А» сынып оқушысы Дәулетқазы Нұртөре, 2 «Б» Демидова Вераника, 3 «Б» Климов Артем, Мырзабай Арна, Климов Михаил. 4 «А» сынып Архатова Айғаным, Сергазинова Мәншүк. 3 «А» және «Б» сыныптардың оқушылары «Зерделі ұрпақ» математикадан олимпиадада 2 орын алды. Мектепшілік кезені «Алтын сақа» математика олимпиаданын жүлдегерлері 4 «Б» сынып оқушылары Климов Петр 1 орын, Сүндетқанұлы Мансұр 2 орын, Шевченко Александр және Шумкина Нина 3 орын.

«Бастау» аудандық кезені 2 «А» Тулеуғазы Елнұр 3 орын, 2 «Б» Демидова Вераника 1 орын, 3 «Б» Климов Артем 3 орын, 4 «Б» Климов Петр 3 орын.

Әрбір өткізілген ашық сабақ, іс - шаралар талданып, кемшіліктері мен жетістіктері аталып өтілді.

        Әдістемеліктің бірлестіктің соңғы отырысында қорытынды бақылау жұмыстары талдынып, үлгерімі төмен оқушыларға жазғы демалыс кезінде қосымша тапсырмалар беру керектігі айтылды. 

Жаратылыстану әдістемелік пән бірлестігінің жылдық   есебі

Бірлестіктің тақырыбы:

Жаңашыл технологияларды пайдаланып, дара тұлғаны жан-жақты тәрбиелей отырып, оның бойындағы ішкі мүмкіндіктерді ашу.

Мақсаты:

Оқытудың жаңа инновациялық технологияларын пайдаланып

 білім берудің сапасын көтеру.

Жылдың соңында жаратылыстану   әдістемелік пән бірлестігінің   білім сапасы төмендегідей болды:


Пәндер

5 -6 «А»

5-6 «Б»

7-8 «Б»

9«Б»

7- «А»

9 «А»

Математика

100 100

75 -33


-

-

-

Физика

-

-

71-33

75

100

100

Информатика

100-100

100-66

85-33

75

100

100

Химия

 -


71-33

75

100

100

Биология

-


71-33

75

100

100

Геометрия

-


71-33

75

100

100

Алгебра

-


71-33

75

100

100

Жаратылыстану

100- 100

100-33


-

-

-

Барлық ұстаздар   күнтізбелік жоспарлары нұсқаулық хаттармен сәйкестендіріліп, мектеп және оқушы компоненті жоспар бойынша жүргізілді.Барлық ұстаздар өздерінің өзіндік білім көтеру тақырыбы бойынша жұмыстар жасады. Оқу жылының басында 4 отырыс жоспарланды. Әр мұғалім отырыстарда өз проблемалық тақырыбы бойынша әдістеме бірлестігінде қабілетті және дарынды балалармен жұмыс, оқушылардың білім сапасы мен үлгерімдерін жоғарлату жолдары, оқушылармен жекелеме жұмыс түрлері үнемі қарастырылып отырылады. 2026 оқу жылында 2 мұғалім  Кудабаева А Б, Кокенов Н. А  өз білімін көтеру мақсатында Семей қаласы,жасанды интеллектің білім берудегі    тиімділігі атты курсқа барып, сертификатқа ие болды. Бірлестік мұғалімдерімен 4 отырыс өткізілді,  жоспарда жоспарланған баяндамалар оқылды. Атап айтсақ: қазан айында информатика пәнінің мұғалімі Альханова А Т: "Ақпараттық коммуникативтік технолгиялардың білім беру саласын дамытудағы рөлі", қараша айында алгебра және геометрия пәнінің мұғалімі Макажанова К.А: «Математика пәнінде логикалық есептердің тиімділігі» тақырыбында баяндамалар оқылды. Биылғы оқу жылында математика пәнінің мұғалімі Макажанова К А модератор санатын растайды. Мектепішілік жоспарға сай мектебімізде  бірлестік апталығы пәндер  өткізілді,пән мұғалімдері жоспарға сай ашық сабақтар өткізді информатика пәнінен сабақтан тыс командалық  іс-шара өткізіліп  орын алған командалар мақтау қағаздарымен марапатталды.  Оқушыларымыз  жаратылыстану бағытынан  аудандық, қалалық олимпиадаларға қатысып жүлделі  орындарға ие болды, атап атқанда математика пәнінен 7 б сынып оқушысы Демин В І орынға ие болып, облысқа жолдама алды. 7 а сынып оқушысы Жумадилова Т биология пәнінен І орынға ие болды. 7 А сынып оқушысы Тулеуғазы А  химия пәніне 3 орынға ие болды, физика пәнінен 7 а сынып оқушысы Оралғазы Ф 3 орынға ие болды. Облыс көлемінде орын алғандар болмады.         Политехникалық пән бірлестігінің   жылдық істелген жұмыстарына тоқтала келе, кеткен кемшіліктерді де атап өтуге болады                                                            

 1. Пәндер бойынша білім сапасының төмендігі;

2. Ұстаздардың өзара сабақтарға қатысуы;

3.Оқушылармен жекелеме жұмыс түрлерінің жүйелі түрде жүргізілмеуі;

4. Оқушылардың қалалық ғылыми жобаларға қатыспауы;

5. Жаңа педагогикалық технологияларды сабақтарда жүйелі түрде пайдаланудың аздығы;

Осы айтылған кемшіліктерді ескере отырып 2026-2027 оқу жылының міндеттері анықталды.

1. Пәндер бойынша білім сапасын арттыру.

2. Ұстаздардың   өз білімдерін  жетілдіру курстарына жіберу.

4. Оқушыларды ғылыми жобаларға көбірек қатыстыру.

Ұсыныстар:

  • Аталған қателер бойынша түзету жұмыстарын жүргізу;
  • Оқушылармен жеке дара жұмыс жасалынып, өткен тақырыптарды үнемі қайталап отыру;
  • Қайталау жұмыстарын әр сабақ сайын өткізу;
  • Нашар баға алған оқушылармен қосымша сабақтар өткізу;
  • Жүргізілген жұмыстардың нәтижесіне талдау жасап отыру;


Анализ работы 

методического объединения учителей гуманитарного цикла за 2025-2026 учебный год

Педагогическая деятельность МО в 2025-2026 учебном году строилась в соответствии с требованиями всех нормативно – правовых документов, регламентирующих деятельность учителя в условиях современной системы школьного образования, планом работы  методического объединения учителей русского языка и литературы, казахского языка и литературы, английского  языка,  истории и географии общешкольной методической темой, методической  темой МО, отражая работу по реализации задач на 2025– 2026 учебный год. 

Качественный состав учителей 

№

Ф.И.О. педагога

Предмет

образование

Стаж работы

Квалификационная категория

1

Касымова Бакыт Байгалиевна

Русский язык и литература

высшее

31 год

педагог-исследователь

2

Туксумбаева Ольга Байдулетовна 

Русский язык и литература

высшее

16 лет

педагог-эксперт

3

Ниязбекова Роза Оралбековна

Русский язык и литература

высшее

21 год

педагог-модератор

4

Қамзанова Жайнар Ертаевна

Қазақ тілі және әдебиет

высшее

8 лет

педагог сарапшы

5

Калитова Балдырған Бахытқызы

Қазақ тілі және әдебиет

высшее

4 года

педагог модератор

6

Қайроллаев Думан Әділғазыұлы

Қазақ тілі және әдебиет

высшее

3 года

педагог

7

Қанағатова Аяжан Қаратқызы

Қазақ тілі және әдебиет

высшее

1 год

Педагог

совместитель

8

Джумадилова Айнаш Маратовна

Английский язык

высшее

15 лет

педагог -эксперт

9

Архатова Аяжан Мұхтарқызы

Английский язык

средне-специальное

2 года

педагог

10

Әуденов Әділет Серікұлы

Тарих, география

высшее

5 лет

педагог

11

Кумар Курманович

История, география

высшее

15 лет

Педагог-модератор

совместитель


МО учителей гуманитарного цикла работало по методической теме: 

«Современный урок гуманитарного цикла: искусственный интеллект, функциональная грамотность и развитие читательской культуры»

В начале учебного года определили   цель  работы МО:

Повысить качество современного урока гуманитарного цикла через системное развитие читательской и функциональной грамотности, формирующее оценивание, профессиональный обмен и ответственное применение искусственного интеллекта при сохранении ведущей роли учителя.

Задачи

  1. Организовать работу МО в соответствии с актуальными нормативными документами Республики Казахстан и локальными актами школы.
  2. Согласовать единые подходы к развитию читательской и функциональной грамотности на языковых, литературных, исторических и правовых дисциплинах.
  3. Освоить безопасные сценарии использования ИИ для подготовки материалов, дифференциации, обратной связи и анализа обезличенных данных.
  4. Повысить качество формирующего оценивания и анализа СОР/СОЧ на основе проверяемых критериев и типичных затруднений.
  5. Развивать мотивацию учащихся через исследовательские, игровые и интерактивные форматы, связанные с учебной целью.
  6. Обеспечить взаимопосещение уроков, короткие мастер-классы и представление педагогического опыта каждого учителя.
  7. Сформировать методическую копилку МО: промпты, рабочие листы, презентации, проверочные работы, сценарии мероприятий и карты анализа.

      Как показала работа, члены методического объединения приложили максимум  усилий для реализации поставленных в 2025-2026 учебном году цели и задач. В течение учебного года деятельность МО учителей гуманитарного цикла носила творческий характер, отличалась стремлением проводить занятия методического объединения с целью совершенствования   профессиональной  подготовки и методического мастерства педагогов, обогащения практического опыта учителей – предметников. Роль  методической  работы   возрастает  в современных условиях в связи с необходимостью использовать ИИ, новые методики, приемы, технологии обучения.

     Поставленные перед педагогами  задачи  решались через совершенствование методики  проведения уроков, индивидуальной и групповой работы со слабоуспевающими и одаренными  учащимися, коррекции  знаний   учащихся на основе диагностической деятельности учителя, развитие способностей и природных  задатков учащихся, ознакомления учителей с новой педагогической  и методической литературой.

Достижения учащихся

№

Олимпиада атауы, деңгейі

Пән

Оқушының аты-жөні

сынып

Алған орны

Жетекші мұғалімі

1

«Мағжан оқулары» облыстық кезеңі

Қазақ әдебиеті

Серғазинова Әлия

8 «А»

3

Д.Ә.Қайроллаев

2

«Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» облыстық кезең

Қазақ әдебиеті

Теміржанов Нұрислам

5 «А»

1

Д.Ә.Қайроллаев

3

«Мәшһүр Жүсіп оқулары» сайысының облыстық кезеңі

Қазақ әдебиеті

Серғазинова Әлия

8 «А»

1

Д.Ә.Қайроллаев

4

«TALAPKER – 2025» республикалық жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған пәндік олимпиада

Орыс тілі

Мырзабай Арна

3 «Б»

1

О.Б.Туксумбаева 

5

«Қазақ тілінде мектеп өмірінен пайдалы видеороликтер» облыстық конкурсы

Қазақ тілі

Климов Петр

4 «Б»

сертификат

Б.Б.Қалитова

6

«TALAPKER – 2025» республикалық жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған пәндік олимпиада

Қазақ тілі

Шевченко Ярослав

2 «Б»

1

Д.Ә.Қайроллаев

7

«TALAPKER – 2025» республикалық жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған пәндік олимпиада

Қазақ тілі

Жумадилова Алуа

5 «Б»

1

Б.Б.Қалитова

8

«TALAPKER – 2025» республикалық жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған пәндік олимпиада

Орыс тілі

Оралғазы Бибі Фатима

7 «А»

2

Б.Б.Касымова

9

«TALAPKER – 2025» республикалық жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған пәндік олимпиада

Орыс тілі

Демина Анастасия

9 «А»

1

Б.Б.Касымова

10

«TALAPKER – 2025» республикалық жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған пәндік олимпиада

Ағылшын тілі

Шевченков Александр

4 «Б»

1

А.М.Джумадилова

11

«TALAPKER – 2025» республикалық жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған пәндік олимпиада

Орыс тілі

Жумадилов Алдияр

5 «Б»

2

Б.Б.Касымова

12

«TALAPKER – 2025» республикалық жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған пәндік олимпиада

География

Демин Василий

7 «Б»

2

К.К.Кусманов

13

«TALAPKER – 2025» республикалық жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған пәндік олимпиада

Қазақ тілі

Климов Петр

4 «Б»

1

Б.Б.Қалитова




Направления методической работы:

             1.Аналитическая деятельность:

-анализ методической деятельности;

-анализ посещения открытых уроков;

-изучение направлений деятельности педагогов (тема самообразования);

-анализ работы педагогов с целью оказания им методической помощи.

2.Информационная деятельность:

-изучение ИИ в методической литературе в целях совершенствования педагогической деятельности;


3.Организация методической деятельности:

-выявление затруднений, методическое сопровождение и оказание практической помощи педагогам, подготовки к аттестации.

4.Консультативная деятельность: 

-консультирование педагогов по вопросам составления рабочих программ и тематического планирования;

-консультирование педагогов с целью ликвидации затруднений в педагогической деятельности;

-консультирование педагогов по вопросам использования ИИ в организации учебной деятельности.

5.Организационные формы работы:

-заседания методического объединения;

-методическая помощь и индивидуальные консультации по вопросам преподавания предметов основной школы, организации внеурочной деятельности;

-взаимопосещение уроков педагогами;

-выступления  учителей на заседаниях МО, семинарах ,педагогических советах;

-участие в семинарах, вебинарах ,встречах в образовательных учреждениях района;

-повышение квалификации педагогов на курсах;

-прохождение аттестации педагогическими работниками.

Организация работы по теме самообразования являет собой систему непрерывного образования педагогов  и играет значительную роль в совершенствовании содержания, технологий обучения предмету и повышения результативности. Работая по своей теме, учителя изучали методическую литературу, собирали материал, апробировали практический материал в работе с учащимися, выступали на школьных методических объединениях, разрабатывали уроки, внеклассные занятия по предметам, отслеживали динамику развития учащихся, анализировали свою деятельность в соответствии методической темы МО.

Свою квалификацию педагоги повышали через семинары и курсы повышения квалификации.

        Использование ИИ стало одним из приоритетных направлений деятельности членов МО. Освоив на должном уровне данную технологию, преподаватели рационально используют ее в урочной и во внеурочной деятельности. Данная технология способствует развитию познавательного интереса, привлечению внимания к предметам естественного цикла тех учащихся, которые склонны к данным наукам. На своем опыте члены МО убедились в том, что использование ИИ позволяет каждому ученику развивать  способности по работе с ИИ, обеспечивает информационную насыщенность урока и внеклассного мероприятия, делает его доступным и наглядным, помогает лучше понять и усвоить учебный материал. Благодаря использованию ИИ   повышается  интерес учащихся к предмету, успеваемость и качество знаний учащихся, экономится  время на опрос, у учащихся появляется возможность  самостоятельно заниматься не только на уроках, но и в домашних условиях.

 Вывод. 

Подготовка и проведение различных внеклассных мероприятий по предметам расширяет и углубляет знания учащихся, развивает их познавательную активность, обеспечивает возможность применения знаний на практике, развивает творческие способности, познавательную деятельность, логическое мышление и формирует профессиональный интерес. Через совместное творчество перед учащимися раскрываются возможности самореализации и самовыражения, обеспечивается развитие потенциальных возможностей. Использование занимательных опытов и заданий и игровых конкурсов оживляет работу по предмету, создаёт атмосферу праздничности и эмоционального настроя, повышает интерес к предмету. А участие в общешкольных мероприятиях позволяет получить информацию о работе школы, других МО и отдельных учителей и планировать свою деятельность с учётом наработок, идей и находок, продемонстрированных на открытых уроках и внеклассных мероприятиях как внутри своего МО, так и других учителей школы. Всё это позволяет накапливать опыт, повышать уровень профессионального мастерства и его результативность.

                                       Общие выводы: 

     В работе педагогов ШМО остались ещё не решённые до конца проблемы: - не в полной мере используются на уроках и внеурочной деятельности ИИ; 

- не систематически ведётся работа с одарёнными и слабоуспевающими школьниками; 

 Имеющиеся недостатки в работе анализируются, а значит, возможно их устранение. На основании вышеизложенного работу МО учителей гуманитарного цикла следует признать удовлетворительной.

         Проанализировав работу школьного МО учителей гуманитарного цикла, можно сказать, что все учителя-предметники работают над созданием системы обучения, обеспечивающей потребность каждого ученика в соответствии с его склонностями, интересами и возможностями. Целенаправленно ведется работа по освоению учителями ИИ. Большое внимание уделяется формированию у учащихся навыков творческой научно-исследовательской деятельности, сохранению поддержанию здоровьесберегающей образовательной среды. Учебные программы 2025-2026 учебного года учителями ШМО были выполнены полностью, хотя и были корректированы Педагоги   уделяют большое внимание работе с обучающимися, имеющими временные трудности в освоении учебного материала и с неуспевающими обучающимися ведется соответствующая документация.  Не всегда удаётся добиваться от них необходимого прилежания в учёбе и творческого подхода в решении проблемных задач. Работа по обеспечению усвоения знаний, умений и навыков в необходимом объёме всеми учащимися через более рациональное построение урока и дифференциацию его содержания с учётом реальных способностей и возможностей учащихся будет продолжена в следующем учебном году.

Работу ШМО учителей гуманитарного цикла предлагаю признать удовлетворительной.

Так как тема использования ИИ в учебном процессе остается актуальным для МО учителей гуманитарного цикла, в 2026-2027 учебном году мы продолжим работать над методической темой: «Современный урок гуманитарного цикла: искусственный интеллект, функциональная грамотность и развитие читательской культуры»


Эстетикалық пәндер әдістемелік бірлестігінің 

2025–2026 оқу жылындағы жұмысы туралы жылдық есеп


Әдістемелік бірлестіктің тақырыбы

«Эстетикалық бағыттағы пәндерді оқытуда заманауи педагогикалық технологияларды қолдану арқылы білім алушылардың шығармашылық, мәдени және дене қабілеттерін дамыту»


Әдістемелік бірлестіктің мақсаты

Технология, музыка және дене шынықтыру сабақтарында тиімді педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы білім алушылардың шығармашылық әлеуетін, эстетикалық талғамын, ұлттық құндылықтарға құрметін, салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын қалыптастыру және педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру.


Негізгі міндеттері

  1. Эстетикалық пәндерді оқыту сапасын арттыру және білім алушылардың пәнге қызығушылығын дамыту.
  2. Сабақ барысында белсенді оқыту, саралау, жобалық және зерттеушілік әдістерді тиімді қолдану.
  3. Білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамытуға жағдай жасау.
  4. Қазақ халқының ұлттық өнерін, музыкасын, қолөнерін және ұлттық спорт түрлерін насихаттау.
  5. Білім алушылардың денсаулығын нығайту, қозғалыс белсенділігін арттыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру.
  6. Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру, өзара тәжірибе алмасуды ұйымдастыру.
  7. Қабілетті және дарынды білім алушылармен жүйелі жұмыс жүргізу.
  8. Үлгерімі төмен білім алушыларға жеке қолдау көрсету.
  9. Пәндік олимпиадаларға, байқауларға, көрмелерге, фестивальдерге және спорттық жарыстарға қатысуды ұйымдастыру.
  10. Сабақтарда цифрлық ресурстарды, қауіпсіздік талаптарын және қалыптастырушы бағалау тәсілдерін тиімді пайдалану.
  11. Пәнаралық байланысты күшейтіп, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту.
  12. Мектептегі мәдени-көпшілік және спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға белсенді қатысу.


2025–2026 оқу жылындағы әдістемелік 

бірлестік жұмысының жылдық есебі

2025–2026 оқу жылында эстетикалық пәндер әдістемелік бірлестігіне технология пәні мұғалімі – Турашов Сырым Ермекулы, музыка пәні мұғалімі – Касымбеков Ерлан Аманжолович және дене шынықтыру пәні мұғалімі – Омаров Парасат Берикболович кірді. Әдістемелік бірлестіктің жұмысы мектептің жылдық жоспарына және әдістемелік тақырыбына сәйкес ұйымдастырылды.

Оқу жылының басында әдістемелік бірлестіктің жылдық жұмыс жоспары жасалып, пән мұғалімдерінің күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары қаралды. Білім беру бағдарламаларының орындалуы, сабақтардың сапалы өткізілуі, білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, шығармашылық және спорттық қабілеттерін дамыту мәселелері басты назарға алынды.


1. Ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар

Оқу жылы барысында әдістемелік бірлестіктің жоспарлы отырыстары өткізілді. Отырыстарда төмендегі мәселелер қарастырылды:

  • нормативтік-құқықтық құжаттар мен әдістемелік нұсқау хатты зерделеу;
  • пәндер бойынша оқу бағдарламалары мен күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды талқылау;
  • сабақта саралау мен қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру;
  • білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту;
  • цифрлық білім беру ресурстарын тиімді пайдалану;
  • дарынды және үлгерімі төмен білім алушылармен жұмысты ұйымдастыру;
  • ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралардың нәтижелерін талдау;
  • спорт залдағы қауіпсіздік ережелерін сақтау;
  • мұғалімдердің өзара сабаққа қатысуы және тәжірибе алмасуы;
  • оқу бағдарламаларының орындалуы мен жылдық жұмыстың қорытындысы.

Әдістемелік отырыстарда мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісіп, баяндамалар, әдістемелік ұсынымдар және практикалық материалдар ұсынды. Өзара сабаққа қатысу арқылы сабақ құрылымы, оқыту әдістерінің тиімділігі, білім алушылардың белсенділігі және бағалау тәсілдері талданды.


2. Оқу бағдарламаларының орындалуы

Технология, музыка және дене шынықтыру пәндері бойынша оқу бағдарламалары күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес жүзеге асырылды. Сабақтарда білім алушылардың жас ерекшеліктері, жеке мүмкіндіктері және қауіпсіздік талаптары ескерілді.

Пән мұғалімдері сабақ барысында:

  • жеке, жұптық және топтық жұмыс түрлерін;
  • практикалық және шығармашылық тапсырмаларды;
  • ойын және жарыс әдістерін;
  • цифрлық ресурстар мен көрнекі құралдарды;

Оқу жылының соңында пәндер бойынша оқу бағдарламалары толық орындалып, жоспарланған бөлімдер мен тақырыптар қамтылды.


3. Технология пәні бойынша атқарылған жұмыстар

Технология сабақтарында білім алушылардың шығармашылық ойлауын, еңбек дағдыларын, ұқыптылығын және өздігінен жұмыс істеу қабілетін дамытуға ерекше көңіл бөлінді.

Сабақтар барысында білім алушылар:

  • әртүрлі материалдармен жұмыс істеуді;
  • бұйымдарды жобалау мен дайындауды;
  • ұлттық қолөнер элементтерін қолдануды;
  • еңбек құралдарын қауіпсіз пайдалануды;
  • тұрмыстық және шығармашылық жұмыстарды орындауды үйренді.

Білім алушылардың жұмыстары мектепішілік көрмелерге қойылды. Ұлттық қолөнерді дәріптеу мақсатында ою-өрнек, сәндік-қолданбалы өнер, қағаз, мата және табиғи материалдармен жұмыс жасау бағыттарында шығармашылық тапсырмалар орындалды.

Практикалық жұмыстар кезінде қауіпсіздік техникасының талаптары жүйелі түрде түсіндіріліп, білім алушылардың жұмыс орнының тазалығы мен құралдарды дұрыс пайдалануына бақылау жүргізілді.


4. Музыка пәні бойынша атқарылған жұмыстар

Музыка сабақтарында білім алушылардың музыкалық сауаттылығын, ән айту мәдениетін, ырғақты сезінуін және ұлттық музыкаға қызығушылығын дамыту жұмыстары жүргізілді.

Білім алушылар:

  • қазақтың халық әндерімен және күйлерімен;
  • отандық және әлемдік композиторлардың шығармаларымен;
  • ұлттық музыкалық аспаптармен;
  • музыкалық жанрлармен;
  • сахна мәдениетімен танысты.

Музыка пәнінің мұғалімі мектептегі мерекелік концерттерді, патриоттық және тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыруға белсенді қатысты. Білім алушылар ән айту, музыкалық шығармаларды тыңдау, талдау және сахнада өнер көрсету дағдыларын жетілдірді.

Сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларда ұлттық мәдени мұраны насихаттауға, білім алушылардың эстетикалық талғамы мен патриоттық сезімдерін тәрбиелеуге басымдық берілді.


5. Дене шынықтыру пәні бойынша атқарылған жұмыстар

Дене шынықтыру сабақтарында білім алушылардың денсаулығын нығайтуға, қозғалыс белсенділігін арттыруға, дене қасиеттерін дамытуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүргізілді.

Сабақ барысында:

  • жалпы дене дайындығы жаттығулары;
  • жеңіл атлетика элементтері;
  • гимнастикалық жаттығулар;
  • спорттық және қозғалмалы ойындар;
  • ұлттық спорт түрлері;
  • эстафеталар мен командалық жарыстар ұйымдастырылды.

Білім алушылардың жас және дене ерекшеліктері ескеріліп, тапсырмалар сараланып берілді. Сабақтардың басында қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуына бақылау жасалды.

Мектепішілік спорттық жарыстар, денсаулық күндері, көңілді старттар және ұлттық ойындар өткізілді. Бұл іс-шаралар білім алушылардың төзімділік, ептілік, жылдамдық, күш және командалық қарым-қатынас дағдыларын дамытуға ықпал етті.


6. Ашық сабақтар және сыныптан тыс іс-шаралар

Әдістемелік бірлестік мүшелері оқу жылы барысында ашық сабақтар, шеберлік сағаттары, көрмелер, концерттік бағдарламалар және спорттық жарыстар өткізді.

Ашық сабақтарда:

  • оқытудың белсенді әдістері;
  • сараланған тапсырмалар;
  • цифрлық білім беру ресурстары;
  • шығармашылық және практикалық жұмыстар;

Өткізілген іс-шаралар білім алушылардың пәндерге қызығушылығын арттырып, шығармашылық белсенділігі мен командалық жұмыс дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.


7. Дарынды және қабілетті білім алушылармен жұмыс

Қабілетті білім алушыларды анықтау мақсатында сабақтағы белсенділігіне, шығармашылық жұмыстарының сапасына, музыкалық және спорттық қабілеттеріне бақылау жүргізілді.

Дарынды білім алушыларға:

  • күрделендірілген шығармашылық тапсырмалар;
  • көрмелерге арналған жұмыстар;
  • музыкалық қойылымдар;
  • спорттық жаттығулар мен жарыстарға дайындық тапсырмалары берілді.

Білім алушылар мектепішілік шығармашылық байқауларға, көрмелерге, концерттерге және аудандық деңгейдегі спорттық жарыстарға қатысуға тартылды. Бұл жұмыс олардың өз қабілеттеріне деген сенімділігін арттырып, шығармашылық және спорттық әлеуетін дамытуға жағдай жасады. 


8. Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс

Үлгерімі төмен білім алушылармен жеке жұмыстар ұйымдастырылды. Мұғалімдер олардың тапсырмаларды орындаудағы қиындықтарын анықтап, жеке түсіндіру, қайталау, үлгі бойынша орындау және жеңілдетілген практикалық тапсырмалар беру әдістерін қолданды.

Дене шынықтыру сабақтарында білім алушылардың денсаулық жағдайы мен дене дайындығы ескерілді. Технология және музыка сабақтарында қолжетімді, кезең-кезеңімен орындалатын тапсырмалар ұсынылды.

Жүргізілген қолдау жұмыстары білім алушылардың сабаққа қатысу белсенділігін арттырып, қарапайым практикалық және шығармашылық тапсырмаларды өздігінен орындауына оң әсер етті.


9. Мұғалімдердің кәсіби дамуы

Әдістемелік бірлестік мұғалімдері оқу жылы ішінде кәсіби шеберліктерін жетілдіру бағытында жұмыс жүргізді. Олар педагогикалық кеңестерге, әдістемелік отырыстарға, семинарларға, вебинарларға және тәжірибе алмасу іс-шараларына қатысты.

Педагогтер өз білімін жетілдіру тақырыптары бойынша материалдар жинақтап, сабақта жаңа әдістерді қолданды. Өзара сабаққа қатысу мен сабақтарды талдау барысында тиімді әдістер анықталып, ұсыныстар берілді.

Мұғалімдер білім беру платформаларын, бейнематериалдарды, презентацияларды және интерактивті тапсырмаларды пайдалану арқылы цифрлық құзыреттіліктерін жетілдірді.


10. Қауіпсіздік талаптарының сақталуы

Эстетикалық пәндер сабақтарында қауіпсіздік ережелерін сақтау басты назарда болды. Оқу жылының басында және практикалық жұмыстардың алдында білім алушыларға қауіпсіздік нұсқаулықтары түсіндірілді.

Технология сабақтарында еңбек құралдарымен жұмыс істеу, дене шынықтыру сабақтарында спорттық жабдықтарды пайдалану және музыка сабақтарында техникалық құрылғылармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік талаптары сақталды.

Мұғалімдер құрал-жабдықтардың жарамдылығын тексеріп, білім алушылардың қауіпсіз әрекет етуіне тұрақты бақылау жүргізді.


11. Жұмыс барысында кездескен қиындықтар

Оқу жылы барысында төмендегідей мәселелер байқалды:

  • жекелеген білім алушылардың шығармашылық және дене белсенділігінің төмендігі;
  • пәндер бойынша қажетті құрал-жабдықтар мен материалдардың жеткіліксіздігі;
  • кейбір білім алушылардың үйірмелер мен сыныптан тыс іс-шараларға тұрақсыз қатысуы;
  • білім алушылардың дене дайындығы деңгейінің әртүрлі болуы;
  • аудандық және облыстық байқаулар мен жарыстарға қатысу мүмкіндігінің шектеулілігі;
  • сабақтарда цифрлық ресурстарды пайдалануға арналған техникалық мүмкіндіктердің жеткіліксіздігі.

Аталған мәселелерді шешу мақсатында жеке қолдау, сараланған тапсырмалар, ата-аналармен байланыс, мектеп әкімшілігімен бірлескен жұмыс және қолда бар ресурстарды тиімді пайдалану жүзеге асырылды.


12. Қорытынды

2025–2026 оқу жылында эстетикалық пәндер әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспары негізінен орындалды. Технология, музыка және дене шынықтыру пәндері бойынша оқу бағдарламалары толық жүзеге асырылды.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде білім алушылардың:

  • шығармашылық белсенділігі;
  • эстетикалық талғамы;
  • еңбек және практикалық дағдылары;
  • музыкалық мәдениеті;
  • дене дайындығы;
  • салауатты өмір салтына қызығушылығы;
  • ұжымдық жұмыс және өзара қолдау дағдылары дамыды.

Әдістемелік бірлестік мүшелері кәсіби тәжірибе алмасып, сабақ сапасын арттыруға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жүргізді. Сонымен қатар байқаулар мен жарыстарға қатысудың нәтижелілігін арттыру, материалдық-техникалық базаны толықтыру және педагогтердің озық тәжірибесін тарату бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажет.


2026–2027 оқу жылына ұсыныстар

  1. Пән мұғалімдерінің өзара сабаққа қатысу және тәжірибе алмасу жұмыстарын жүйелеу.
  2. Ашық сабақтар мен шеберлік сағаттарының санын арттыру.
  3. Ұлттық өнер, музыка және спорт түрлерін сабақ мазмұнына кеңінен енгізу.
  4. Білім алушыларды аудандық, облыстық және республикалық байқауларға белсенді қатыстыру.
  5. Дарынды білім алушылармен жеке жұмыс жоспарын жетілдіру.
  6. Үлгерімі төмен және ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға арналған сараланған тапсырмалар қорын құру.
  7. Шығармашылық жобалар, мектепішілік көрмелер, концерттер және спорттық жарыстар өткізу жұмыстарын жалғастыру.
  8. Сабақтарда цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін қауіпсіз әрі тиімді қолдану.
  9. Технология кабинеті мен спорт залын қажетті құрал-жабдықтармен толықтыру жөнінде ұсыныстар енгізу.
  10. Білім алушылардың өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау бағытындағы жұмыстарды күшейту.
  11. Пәндік үйірмелердің жұмысын жандандыру.
  12. Педагогтердің кәсіби байқауларға, семинарларға және әдістемелік іс-шараларға қатысуын қолдау.

Воспитательная работа в Талицкой ООШ в 2025–2026 учебном году осуществлялась в соответствии с Единой программой воспитания «Адал Азамат», Концепцией воспитания Республики Казахстан и планом воспитательной работы школы. Работа была направлена на формирование гармонично развитой личности, обладающей гражданской ответственностью, патриотизмом, духовно-нравственными качествами, экологической культурой и активной жизненной позицией.

Цель воспитательной работы

Создание условий для воспитания конкурентоспособной, духовно богатой, творческой личности, способной к успешной социализации и самореализации в современном обществе.

Основные направления воспитательной работы

В течение учебного года работа велась по следующим направлениям:

  • гражданско-патриотическое воспитание;
  • духовно-нравственное воспитание;
  • национальное и семейное воспитание;
  • экологическое воспитание;
  • трудовое воспитание;
  • формирование здорового образа жизни;
  • профилактика правонарушений;
  • развитие ученического самоуправления;
  • работа с родителями;
  • обеспечение безопасности жизнедеятельности учащихся.

Реализация программы «Адал Азамат»

В течение учебного года в школе проводились мероприятия, направленные на формирование у учащихся качеств ответственного гражданина, уважения к закону, труду, семье и окружающей среде.

В рамках программы были организованы тематические классные часы, акции, круглые столы, беседы и воспитательные мероприятия по развитию гражданственности, патриотизма, трудолюбия и культуры поведения.

Особое внимание уделялось экологическому воспитанию учащихся. В школе успешно реализован экологический проект «Чистый двор», в рамках которого обучающиеся принимали активное участие в уборке и благоустройстве территории школы, озеленении школьного двора и поддержании чистоты окружающей среды.

С целью формирования экологической культуры и ответственного отношения к природным ресурсам учащиеся приняли участие в республиканской экологической акции «Собери крышки». Ребята активно собирали пластиковые крышки для последующей переработки, демонстрируя экологическую ответственность и социальную активность.

Гражданско-патриотическое воспитание

В течение года были проведены мероприятия, посвященные государственным праздникам и памятным датам Республики Казахстан:

  • День Конституции Республики Казахстан;
  • День Республики;
  • День Независимости Республики Казахстан;
  • Наурыз мейрамы;
  • День защитника Отечества;
  • День Победы.

Учащиеся принимали активное участие в патриотических акциях, конкурсах, тематических выставках и классных часах, посвященных истории и культуре Казахстана.

Духовно-нравственное воспитание

Большое внимание уделялось формированию нравственных ценностей, уважительного отношения к старшему поколению, культуре общения и толерантности.

Проведены:

  • классные часы нравственной направленности;
  • беседы по профилактике буллинга;
  • мероприятия, посвященные семейным ценностям;
  • акции милосердия и взаимопомощи.

Формирование здорового образа жизни

В течение года проводилась работа по формированию культуры здорового образа жизни.

Организованы:

  • Дни здоровья;
  • спортивные соревнования;
  • беседы о вреде табакокурения, алкоголя и наркотических веществ;
  • мероприятия по профилактике вредных привычек;
  • спортивно-массовые мероприятия.

Учащиеся активно участвовали в школьных и районных спортивных соревнованиях.

Профилактика правонарушений

Работа по профилактике правонарушений велась систематически совместно с педагогическим коллективом, родителями и заинтересованными службами.

Проведены:

  • беседы правовой направленности;
  • профилактические встречи с сотрудниками правоохранительных органов;
  • индивидуальная работа с учащимися группы риска;
  • контроль посещаемости занятий и занятости учащихся во внеурочное время.

В течение учебного года случаев преступлений и серьезных правонарушений среди учащихся школы не зарегистрировано.

Профилактика интернет-зависимости и кибербуллинга

В рамках профилактической работы проводились мероприятия по безопасному использованию сети Интернет.

Рассматривались вопросы:

  • интернет-зависимости;
  • кибербуллинга;
  • интернет-мошенничества;
  • безопасного общения в социальных сетях;
  • цифровой грамотности.

Для учащихся и родителей были организованы тематические беседы и консультации по вопросам интернет-безопасности.

Экологическое и трудовое воспитание

Учащиеся активно участвовали в экологических акциях, субботниках и мероприятиях по благоустройству территории школы.

Проведены:

  • сезонные субботники;
  • акция «Чистый двор»;
  • конкурс «Собери крышки»;
  • посадка деревьев и цветов;
  • мероприятия по благоустройству пришкольной территории.

Проведенная работа способствовала формированию экологической культуры, трудолюбия и бережного отношения к природе.

Мероприятия по безопасности жизнедеятельности

Одним из важных направлений воспитательной работы являлось обеспечение безопасности учащихся.

В течение учебного года проводились:

  • инструктажи по технике безопасности;
  • беседы по пожарной безопасности;
  • мероприятия по профилактике детского дорожно-транспортного травматизма;
  • инструктажи перед каникулами;
  • практические занятия по правилам безопасного поведения в чрезвычайных ситуациях.

С целью формирования навыков безопасного поведения были проведены учебно-тренировочные эвакуации и объектовые учения по действиям при пожаре и других чрезвычайных ситуациях. Во время учений отрабатывались действия учащихся и работников школы по организованной эвакуации, соблюдению правил безопасности и взаимодействию в условиях чрезвычайных ситуаций.

Проведенная работа способствовала повышению уровня готовности учащихся к действиям в экстремальных ситуациях и формированию ответственного отношения к собственной безопасности.

Работа с родителями

В течение учебного года проводилась систематическая работа по укреплению взаимодействия семьи и школы.

Проведены:

  • общешкольные и классные родительские собрания;
  • индивидуальные консультации;
  • профилактические беседы;
  • совместные мероприятия с участием родителей.

Особое внимание уделялось вопросам безопасности детей, профилактике правонарушений и организации занятости учащихся в каникулярный период.


Аға тәлімгердің жылдық қорытынды есебі

Кіріспе

2025–2026 оқу жылында аға тәлімгердің жұмысы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің тәрбие жұмысына қатысты нормативтік құжаттары мен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде жүзеге асырылды. Жұмыстың негізгі мақсаты – білім алушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті арттыру, көшбасшылық қабілеттерін дамыту, патриоттық тәрбие беру және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысуға баулу болды.

Жыл бойы мектеп парламенті, «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымдары мен «Адал ұрпақ» клубының жұмыстары жүйелі ұйымдастырылып, оқушылардың шығармашылық, зияткерлік және әлеуметтік белсенділігін дамытуға бағытталған іс-шаралар өткізілді.

Қыркүйек айы

Қыркүйек айы «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» айлығы ретінде өткізілді. Оқу жылының басталуына орай «Мектебім – мейірім мекені» атты салтанатты жиын ұйымдастырылды. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге жылы лебіздер айтылып, білім жолына сәттілік тілінді.

https://www.instagram.com/reel/DODyl0DCOAc/?igsh=MWducmd4MHU0YTBnYg==

Қазақстан халқы тілдері күніне арналған іс-шаралар барысында оқушылар мемлекеттік тілдің мәртебесі, өзге ұлт тілдерін құрметтеу және тіл мәдениеті туралы мағлұмат алды. Түрлі байқаулар мен тәрбие сағаттары өткізілді.

https://www.instagram.com/p/DPi6DAdiP2x/?igsh=MXh2bWI2bzc4Mm02aA== 

https://www.instagram.com/p/DPi6aHBCBi1/?img_index=1&igsh=Y3J5d2NsdGhhdWRr 

https://www.instagram.com/p/DPi7YyeiAL9/?igsh=aXl3ZWlqNXM4YnIy 

Мектеп парламентінің жаңа құрамы сайланып, өзін-өзі басқару ұйымының жұмысы жанданды. Парламент мүшелері арасында міндеттер бөлініп, жылдық жоспар бекітілді. Сонымен қатар жол қозғалысы қауіпсіздігіне арналған дебаттар мен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оқушыларға жол ережелерін сақтау қажеттілігі түсіндірілді.

https://www.instagram.com/reel/DQHfeHOCHpd/?igsh=MXNrY2lpZGo2ZDdyMQ== 


Қазан айы

Қазан айы «Тәуелсіздік және отаншылдық» айлығы аясында өтті. Халықаралық қарттар күніне орай «Жан жылуын сыйлаймыз!» акциясы ұйымдастырылып, оқушылар үлкендерді құрметтеу мен қамқорлық көрсету құндылықтарын насихаттады.

https://www.instagram.com/p/DPNhQe6iOdZ/?igsh=Y2dpMTZ6OG84NnF2 

Мұғалімдер күні мерекесіне арналған көптеген іс-шаралар өткізілді. «Дублер күні» ұйымдастырылып, жоғары сынып оқушылары ұстаздардың қызметін атқарып көрді. Бұл шара оқушылардың жауапкершілігін арттырып, мұғалім мамандығына деген құрметін нығайтты.

https://www.instagram.com/reel/DPTfYuAiEY3/?igsh=bHRua2hvNGMwMGFo

«Күзгі жәрмеңке – 2025» қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді. Оқушылар өз қолдарымен жасаған бұйымдары мен түрлі тағамдарын ұсынып, еңбекқорлық пен кәсіпкерлік дағдыларын көрсетті.

https://www.instagram.com/reel/DP6OzWzCIRB/?igsh=MXBkemJ2NXMyZnczaQ==

25 қазан – Республика күніне арналған мерекелік бағдарлама ұйымдастырылып, бастауыш сынып оқушылары «Жас Қыран» ұйымының қатарына салтанатты түрде қабылданды.

https://www.instagram.com/reel/DQHfSqgiAcV/?igsh=MWNnZ252aXJpN2RscA== 

Қараша айы

Қараша айы «Әділдік және жауапкершілік» құндылықтарын дәріптеуге арналды. Ай барысында мектеп оқушыларының шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында «Мектеп театры» қойылымдары сахналанды. Оқушылар әртүрлі кейіпкерлерді сомдап, сахна мәдениетін меңгерді.

«Ұшқыр ой алаңы» зияткерлік ойыны өткізіліп, оқушылар логикалық тапсырмалар орындап, өз білімдерін ортаға салды. Сонымен қатар мектеп парламентінің отырыстары өткізіліп, оқушылар мектеп өміріне қатысты ұсыныстарын білдірді.

https://www.instagram.com/reel/DSVclo1CBaN/?igsh=ZmY5eWh4aDl0OGtm 

Ұлттық валюта күніне арналған танымдық сабақтар ұйымдастырылып, оқушылар теңгенің тарихы мен маңыздылығы туралы ақпарат алды.

https://www.instagram.com/p/DP6N2axCNlT/?img_index=3&igsh=b2ZzMHJtY25obTZo 


Желтоқсан айы

Желтоқсан айы «Бірлік және ынтымақ» құндылығына арналды. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағаттары, эссе байқаулары және патриоттық бағыттағы іс-шаралар өткізілді.

https://www.instagram.com/reel/DSRfPMACIZF/?igsh=bXN6Zmp0c2Y2aGt2 

 «Жетістігімді еліме арнаймын» челленджі ұйымдастырылып, оқушылар өз жетістіктерін таныстырды. Кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында әдеби кештер мен кітап көрмелері өткізілді.

https://www.instagram.com/reel/DSAdUvYCFNn/?igsh=MTExZHlpZTJ0N2UxeQ== 

Тәуелсіздік мерекесіне арналған салтанатты жиында оқушылар ән айтып, өлең оқып, еліміздің тәуелсіздік жолындағы жетістіктері туралы мағлұматтар берді.

https://www.instagram.com/reel/DSSCKZsCDvt/?igsh=MTdqaXM3ZXFubnhyaQ== 


Қаңтар айы

Қаңтар айы «Заң және тәртіп» айлығы ретінде өткізілді. «Мамандықтар марафоны» байқауы барысында әртүрлі мамандықтардың ерекшеліктері таныстырылып, оқушылардың болашақ мамандық таңдауға деген қызығушылығы арттырылды.

https://www.instagram.com/p/DSt4wH_CDwf/?igsh=Z2ZrZzN2ZWwxbnd5 

Жартыжылдық қорытындысы бойынша «Үздік оқушы», «Өнерлі оқушы», «Жас спортшы», «Қамқор оқушы» номинациялары бойынша белсенді білім алушылар марапатталды.

https://www.instagram.com/p/DTfQhlxiGnj/?igsh=MW53cGVsOTk1YWs5ZQ== 

Спорттық және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында түрлі спортшылармен кездесулер ұйымдастырылып, оқушыларға табысқа жетудің жолдары түсіндірілді.

https://www.instagram.com/p/DTP3rMsCJz6/?igsh=dTJ2bzNrZ3Zla2h2 


Ақпан айы

Ақпан айы «Жасампаздық және жаңашылдық» айлығы аясында өткізілді. Халықаралық кітап сыйлау күніне арналған «Шын жүректен кітап сыйла!» челленджі ұйымдастырылды. Оқушылар кітап алмасып, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттырды.

https://www.instagram.com/reel/DW6VhlNCB2V/?igsh=MTkxODFlYXRzcXU2NA== 

Мектепте «Мұқағали оқулары» байқауы өткізіліп, оқушылар ақын шығармаларын мәнерлеп оқып, өз өнерлерін көрсетті.

https://www.instagram.com/reel/DUoKpbNiC6A/?igsh=MTh1aW5udm5wOWZpdA== 

Қауіпсіз интернет күніне арналған ақпараттық сабақтар ұйымдастырылып, интернет қауіпсіздігі мен кибермәдениет туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар құқықтық тәрбие айлығы аясында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында кездесулер өткізілді.

https://www.instagram.com/reel/DUXQyKpiMuS/?igsh=Zm1xZ21sZmpldmc1 


Наурыз айы

Наурыз айы ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды. Алғыс айту күніне арналған «Алғыс – ізгі ниет» тақырыбындағы челлендж ұйымдастырылды.

https://www.instagram.com/reel/DVVlax1iLhk/?igsh=MW56a25xM2w1cGF0ZQ== 

8 Наурыз мерекесіне орай аналар мен ұстаздарға арналған құттықтау бағдарламалары ұйымдастырылды. «Ананың аялы алақаны» челленджі өткізілді.

https://www.instagram.com/reel/DVgDxMZiNwC/?igsh=MWpjM2VxY2NweGc2OQ== 

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті. Ұлттық ойындар ұйымдастырылып, ұлттық тағамдар көрмесі өткізілді. Оқушылар ұлттық салт-дәстүрлер туралы көріністер қойып, ұлттық киімдер байқауына қатысты.

https://www.instagram.com/reel/DV0rf6QCLR9/?igsh=d2o1cDl3aHRqOXd0 

https://www.instagram.com/reel/DV_nuRBiHZa/?igsh=MWdsa2Zqc2t5YjI0bg== 

https://www.instagram.com/p/DV8N6GkiO4t/?img_index=1&igsh=MWUyazRnM3ZpMGpqZw== 

https://www.instagram.com/reel/DWAtZlbCAZh/?igsh=eHRldWgybHN4Nngw 

https://www.instagram.com/reel/DWHYpBbiB3N/?igsh=dHNjNjZzZTYyeWE1 


Сәуір айы

Сәуір айы еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік құндылықтарын насихаттауға арналды. «Қоғамдық мүлікті қорға!» акциясы өткізілді. Оқушыларға мектеп мүлкіне ұқыпты қараудың маңызы түсіндірілді.

https://www.instagram.com/reel/DWgFhxaiN8T/?igsh=OGZ6dTZyZWdzaHNp 

«Түлектердің ағаш егуі» экологиялық акциясы ұйымдастырылып, мектеп аумағын көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.

https://www.instagram.com/reel/DXRAWUpiAa2/?igsh=MXRwcm05cnRvNmxkNA== 

«Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» тақырыбында медицина қызметкерімен кездесу өткізіліп, оқушыларға салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы түсіндірілді.

https://www.instagram.com/reel/DW0oa46CDXr/?igsh=OWtscG1pcHRxN3lp 


Мамыр айы

Мамыр айында патриоттық бағыттағы іс-шараларға ерекше көңіл бөлінді. 

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған сынып сағаттары өткізілді.

https://www.instagram.com/reel/DX9PWtMoMkO/?igsh=OXB5dWRweWw1d3Iz 

https://www.instagram.com/reel/DXw-vK4oVB1/?igsh=MTI5b2F4NWUzYnU5eA== 

https://www.instagram.com/reel/DXrPGzkiAya/?igsh=MWw4ZXJzd21icm5vdg== 

Отан қорғаушылар күніне арналған патриоттық сынып сағаттары өткізілді.

https://www.instagram.com/reel/DX9c41BI7JR/?igsh=MWY1NHlzd3FxMnBzNg== 

https://www.instagram.com/reel/DX9QH8oIv_r/?igsh=NDV2OG9ud3RzaDBm 

https://www.instagram.com/reel/DX9RRJ0onhM/?igsh=Y3Z1djhqZmZtMXpo 

Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған ерлік сабақтары ұйымдастырылып, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің ерлігі туралы мәліметтер берілді.

https://www.instagram.com/reel/DYJh5gTo9j_/?igsh=ank5Nmc5dG9rcHR2 

Отбасы күніне арналған «Отбасы FEST» фестивалі өткізілді. Ата-аналар мен оқушылар бірлескен шараларға қатысып, отбасы құндылықтарын насихаттады.

https://www.instagram.com/reel/DYUbq_KThst/?igsh=MXRuODZmOG4yYjFnbA== 


Мектеп парламенті өзін-өзі басқару ұйымының жылдық қорытынды есебі


     2025–2026 оқу жылында мектеп парламенті өзін-өзі басқару ұйымы жоспарға сәйкес жүйелі жұмыс жүргізді. Ұйымның негізгі мақсаты – білім алушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатыстыру, патриоттық, рухани-адамгершілік тәрбие беру және мектеп өміріне оқушылардың белсенді араласуын қамтамасыз ету болды.

Мектеп парламенті жыл бойы түрлі мәдени-көпшілік, тәрбиелік, қайырымдылық, экологиялық және танымдық іс-шараларды ұйымдастыруға атсалысты. Ұйым жұмысы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, жауапкершілік пен ұйымшылдыққа тәрбиелеуге бағытталды.

Жыл бойы атқарылған жұмыстар

Білім күні және мерекелік іс-шаралар

Жаңа оқу жылының басталуына орай «Білім күні» мерекелік іс-шарасын ұйымдастыруға мектеп парламенті белсенді қатысты. Оқушыларды қарсы алу, мерекелік көңіл-күй қалыптастыру, мектеп ішіндегі тәртіп пен ұйымшылдықты сақтау жұмыстары жүргізілді.

Тәрбиелік бағыттағы жұмыстар

Жыл бойы «Адалдық сағаты», «Тіл мерекесі», «Тәуелсіздік – тұғырым», «Қайырымдылық – ізгілік белгісі», «Жастар және салауатты өмір салты» тақырыптарында сынып сағаттары, кездесулер, акциялар өткізілді.

Оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, буллингке қарсы күрес, қауіпсіздік ережелерін сақтау бағытында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Қайырымдылық және әлеуметтік жұмыстар

Мектеп парламенті қайырымдылық акцияларына белсене қатысып, мұқтаж отбасыларға көмек көрсету, үлкендерге құрмет көрсету, тазалық акцияларын өткізу жұмыстарын ұйымдастырды.

«Қамқор жүрек», «Мектепке жол», «Таза мектеп» акциялары барысында оқушылар ұйымшылдық танытып, белсенділік көрсетті.

Мәдени-көпшілік іс-шаралар

Мерекелік концерттер, челлендждер, байқаулар, дебаттар мен спорттық жарыстар ұйымдастырылып, оқушылардың өнері мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасалды.

Ұлттық мерекелер мен атаулы күндерге арналған іс-шараларда мектеп парламенті жүргізушілік, ұйымдастырушылық жұмыстар атқарып, мектеп өміріне белсенді араласты.

Ақпараттық жұмыстар

Мектептегі өткізілген іс-шаралар әлеуметтік желілерде уақытылы жарияланып отырды. Мектеп парламентінің мүшелері ақпарат тарату, фото-видео есеп дайындау жұмыстарын жүргізді.

Жетістіктер

Оқу жылы барысында мектеп парламентінің мүшелері мектепішілік және аудандық іс-шараларға белсенді қатысып, ұйымшылдық пен жауапкершілік көрсетті. Оқушылардың қоғамдық жұмыстарға қызығушылығы артып, көшбасшылық қабілеттері дамыды.

Мектеп парламентінің есебі

р/с

Білім беру 

ұйымының атау

Іс-шара тақырыбы

Әлеуметтік  желілердегі жарияланымдарының  растау      сілтемелері


1

“Талица жалпы негізгі білім беретін мектебі ” КММ


1 қыркүйек күні "Мектебім-мейірім мекені" атты алғашқы қоңырау салтанатты жиын өтті. 


https://www.instagram.com/reel/DODyl0DCOAc/?igsh=MWducmd4MHU0YTBnYg== 

2

“Талица жалпы негізгі білім беретін мектебі ” КММ


Мектеп парламентінің оқушылары арасында «Менің мектебім буллингке қарсы» тақырыбында флешмоб ұйымдастырылды.

https://www.instagram.com/reel/DOsd_MJiCc9/?igsh=MXU0eDZnNjZicjdyag== 

3

“Талица жалпы негізгі білім беретін мектебі ” КММ


Республика күніне орай мектебімізде 1-11 сынып аралығында " Менің Отаным- Қазақстан" атты мерекелік іс-шара өтті.     Мерекелік іс-шарамен  қатар  Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау салтанаты өтті.

https://www.instagram.com/reel/DQHfSqgiAcV/?igsh=MWNnZ252aXJpN2RscA== 

4

“Талица жалпы негізгі білім беретін мектебі ” КММ


Ұстаздар күніне орай ұйымдастырылған «Шебер ұстаз – жаңашыл білімнің көшбасшысы» мерекелік іс-шарасы өтті

https://www.instagram.com/reel/DPThwwNCA31/?igsh=YWQzcGE4aWV5YW4y 

5

“Талица жалпы негізгі білім беретін мектебі ” КММ



"Дублер күні" өтті. 

. 




https://www.instagram.com/reel/DPTfYuAiEY3/?igsh=bHRua2hvNGMwMGFo 

6

“Талица жалпы негізгі білім беретін мектебі ” КММ


5-8 сынып оқушылары 1-қазан Халықаралық қарттар күніне орай ауылымыздың қарт ұстаздарымен кездесу өтті

https://www.instagram.com/reel/DPOSIgiCISF/?igsh=cG1iY2o1MjQwdjI1 

7

“Талица жалпы негізгі білім беретін мектебі ” КММ


Мектеп парламентінің оқушылары арасында наурыз мейрамына орай «Ұлттық киім-трендте» тақырыбында челлендж ұйымдастырылды.

https://www.instagram.com/reel/DWAtZlbCAZh/?igsh=eHRldWgybHN4Nngw 

8

“Талица жалпы негізгі білім беретін мектебі ” КММ


“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында мектебімізде     мұғалімдер мен сыныптар арасында “Көрісу күні”  атап өтілді. 

https://www.instagram.com/reel/DV0rf6QCLR9/?igsh=d2o1cDl3aHRqOXd0 

9

“Талица жалпы негізгі білім беретін мектебі ” КММ


"ТАЗА ҚАЗАҚСТАН" республикалық экологиялық акциясы аясында пластик бөтелке қақпақтарын жинап, олардан әртүрлі қолөнер бұйымдарын жасады

https://www.instagram.com/reel/DWYjL6XiJJ0/?igsh=MXFpeThkeG41M2x4cw== 

10

“Талица жалпы негізгі білім беретін мектебі ” КММ



"ТАЗА ҚАЗАҚСТАН" республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстары жүргізілді



https://www.instagram.com/reel/DWre_yjCDqQ/?igsh=MWhwYWtzandpajRybQ== 

11

“Талица жалпы негізгі білім беретін мектебі ” КММ


"ТАЗА ҚАЗАҚСТАН" республикалық экологиялық акциясы аясында оқушыларымыз «Бұлақ көрсең – көзін аш» деген даналығын ұстана отырып, бұлақ көзін ашу жұмыстарына атсалысты

https://www.instagram.com/reel/DWrdqjFCMDy/?igsh=MWNkY2FrZG9sajd0cg== 

12

“Талица жалпы негізгі білім беретін мектебі ” КММ


Күзгі жәрмеңке – берекелі бастама!

Мектебімізде 1-9 сынып оқушылары арасында дәстүрлі күзгі жәрмеңке қызықты өтті. 

https://www.instagram.com/reel/DP6OzWzCIRB/?igsh=MXBkemJ2NXMyZnczaQ== 

13

“Талица жалпы негізгі білім беретін мектебі ” КММ


1 наурыз – Алғыс айту күніне орай мектеп парламентінің мүшелері челлендж ұйымдастырды

https://www.instagram.com/reel/DP6OzWzCIRB/?igsh=MXBkemJ2NXMyZnczaQ== 

14

“Талица жалпы негізгі білім беретін мектебі ” КММ


7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» тақырыбында сынып сағаттары ұйымдастырылды.

https://www.instagram.com/reel/DX9QH8oIv_r/?igsh=NDV2OG9ud3RzaDBm 

15

“Талица жалпы негізгі білім беретін мектебі ” КММ


9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай ерлікпен қаза тапқан 

батырларымызды еске алып, олардың рухына тағзым 


https://www.instagram.com/reel/DYJh5gTo9j_/?igsh=ank5Nmc5dG9rcHR2 

16

“Талица жалпы негізгі білім беретін мектебі ” КММ


«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында

Отбасы күніне орай 15 мамыр 5-9 сынып оқушылары арасында челлендж ұйымдастырылды


https://www.instagram.com/reel/DYUbq_KThst/?igsh=MXRuODZmOG4yYjFnbA== 

17

“Талица жалпы негізгі білім беретін мектебі ” КММ


25 мамыр “Сыңғырла соңғы қоңырау” атты салтанатты іс шара өтті

https://www.instagram.com/reel/DYxNi_XoV29/?igsh=MWt1aTdka2ZpM2t6Mw== 


Педагог-психологтың аналитикалық есебі


         Білім беру мекемесі туралы ақпараттық анықтама: «Талица жалпы негізгі білім беретін мектебі» КММ  балалар саны -60 оқушы; сыныптар саны-13

Білім беру мекемесінің ППҚҚ туралы ақпараттық анықтама:

1. Қызметтің ұйымдастырылуы туралы мәлімет: 2 қыркүйекте ППҚҚ қызметі туралы бұйрық шығарылып, жылдық жұмыс жоспары жасалып, бекітілді.

2. Психологтың еңбек өтілі: Педагог-психолог — Бижасанова Ш.С. Жалпы еңбек өтілі — 12 жыл. Аталған білім беру мекемесінде 2024-2025 оқу жылынан бастап қызмет атқарып келеді.

3. ППҚҚ мақсаттары мен міндеттері:  

Мақсат: Білім алушылардың психологиялық саулығын қамтамасыз ету, тұлғалық дамуына жағдай жасау және мектептің тәрбиелік-білім беру процесінде барлық қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.

Міндеттері: 

- Білім алушылардың психоэмоционалдық жағдайын бақылау және дамыту;  

- Әлеуметтік-психологиялық бейімделуін қамтамасыз ету;  

- Қиын жағдайға тап болған балалармен жеке жұмыс жүргізу;  

-Оқушылардың өзін-өзі тану, бағалау және сенімділігін дамыту;

- Педагогтар мен ата-аналарға кеңес беру арқылы бірлескен қолдау жүйесін құру.

  1. Сүйемелденетін сыныптар

Мектеп бойынша 13 сынып психологиялық сүйемелдеумен қамтылды. Жеке бақылаудағы оқушылармен тұрақты түрде жұмыстар жүргізілді. Қызыл аймақтағы оқушылармен жеке түзету-дамыту сабақтары ұйымдастырылып, ата-аналарымен және сынып жетекшілерімен байланыс орнатылды.

Оқу жылының ІІ-жарты жылдығында мектепте ППҚҚ қызметі тұрақты жүргізіліп отырды. Психолог тарапынан оқушылардың эмоционалдық жағдайына, қарым-қатынас ерекшеліктеріне және мінез-құлқына бақылау жүргізілді. Ерекше назарды қажет ететін оқушылармен жеке жұмыстар жалғастырылды.

1. Психодиагностика

Жыл бойы 13 сыныппен диагностика жұмыстары жүргізілді. Қолданылған әдістемелер: Социометрия, «Жалғыздық» Д. Рассел, М. Фергюсон, Айзенгтің «Өзін-өзі бағалау» тесті, «Сигнал» әдістемесі,  «Кактус» әдістемесі,   Буллингті анықтау диагностикасы,  Кәсіби бағдар тесттері, Эмоционалдық жағдай  мониторингі жүргізілді.                              

Нәтижесі:  

  • Кейбір оқушыларда мазасыздық пен эмоционалдық тұрақсыздық белгілері анықталды; 
  • Қарым-қатынас қиындықтары байқалған оқушылар жеке бақылауға алынды; 
  • Емтихан алдындағы стресс деңгейінің жоғарылауы анықталды; 
  • Оқушылардың басым бөлігінің психологиялық жағдайы норма деңгейінде екені байқалды. 

Диагностикалық қорытындылар негізінде түзету-дамыту және профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылды.

2. Психопрофилактика  

Жылдықта буллингтің алдын алу, эмоционалдық тұрақтылықты дамыту, өзін-өзі бағалау және қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру бағытында 20-дан астам профилактикалық іс-шара өткізілді.

Бастауыш сыныптарда:

  • «Мен мектептемін»; 
  • «Дос болайық!»; 
  • «Қиял әлемінде»; 
  • «Менің күшті тұстарым»; 
  • «Қарым-қатынас мәдениеті» тренингтері ұйымдастырылды. 

Орта буын оқушыларымен:

  • «Менің эмоцияларым»; 
  • «Мақсат қою және жоспарлау»; 
  • «Достық және қарым-қатынас дағдылары»; 
  • «Өзін-өзі тану және тұлғалық өсу» тақырыптары қамтылды. 

Сонымен қатар «Толеранттылық апталығы», «Жақсы сөз – жарым ырыс» акциясы және «Интернеттегі қауіпсіздік» тақырыптарында іс-шаралар ұйымдастырылды.

3. Түзету-дамыту жұмысы 

Жеке бақылаудағы оқушылармен тұрақты түрде түзету-дамыту сабақтары жүргізілді.

Қолданылған әдістер:

  • Арт-терапия; 
  • Ойын терапиясы; 
  • Релаксациялық жаттығулар; 
  • Эмоциямен жұмыс; 
  • Сенімділікті қалыптастыру; 
  • Қарым-қатынас дағдыларын дамыту. 

Нәтижесі:

Балаларда эмоционалдық тұрақтылықтың қалыптасуы, қарым-қатынаста белсенділік пен жағымды мінез-құлық белгілері байқалды.

4. Психологиялық кеңес беру  

  • Оқушылармен жеке кеңестер жүргізілді; 
  • Ата-аналарға жасөспірім кезеңі, буллингтің алдын алу, эмоционалдық қолдау бойынша кеңестер берілді; 
  • Педагогтарға кәсіби қолдау және психологиялық ұсыныстар жасалды. 

Көтерілген мәселелер:

  • Оқу мотивациясы; 
  • Мазасыздық; 
  • Қарым-қатынас қиындықтары; 
  • Жасөспірімдік кезең ерекшеліктері; 
  • Отбасындағы түсініспеушіліктер. 

5. Психологиялық ағарту және оқу  

Мұғалімдер мен ата-аналарға арналған семинар-тренингтер өткізілді:

  • «Кәсіби жануды (эмоциялық күйіп кетуді) болдырмау жолдары»; 
  • «Буллингті ерте анықтау жолдары»; 
  • «Қиын оқушылармен тиімді қарым-қатынас»; 
  • «Жасөспірім мен ата-ана: түсіністік көпірі»; 
  • «Бала жанын түсінейік». 

Ақпараттық бұрыштар ұйымдастырылып, психологиялық буклеттер мен жадынамалар таратылды.

Қызмет нәтижелері

  • Оқушылардың психоэмоционалдық жағдайында оң өзгерістер байқалды; 
  • Қызыл аймақтағы оқушылармен түзету жұмыстары жалғастырылды; 
  • Сынып ұжымдарындағы қарым-қатынас мәдениеті жақсарды; 
  • Ата-аналар мен педагогтар тарапынан кері байланыс нығайды; 
  • Психологиялық қолдау жұмыстарына қызығушылық артты. 

Туындаған қиындықтар мен мәселелер

  • Кейбір ата-аналардың белсенді жұмысқа тартылмауы; 
  • Кейбір оқушылардың психологиялық көмекті қабылдауға ішкі дайын еместігі; 
  • Уақыт тапшылығы және жүктеменің көп болуы. 

2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша ұсыныстар мен міндеттер

  • Қызыл аймақтағы оқушылармен жұмысты жалғастыру; 
  • Эмоциялық интеллект пен қарым-қатынас дағдыларын дамыту жұмыстарын күшейту; 
  • Ата-анамен жұмыс белсенділігін арттыру; 
  • Психологиялық диагностика әдістерін жаңарту; 
  • Психологиялық сауаттылықты арттыру бағытында тұрақты ағарту жұмыстарын жүргізу. 

Қорытынды

2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша мектептің білім сапасы оң динамика көрсетті. Жыл басымен салыстырғанда білім сапасы 10%-ға жоғарылап, 80%-ға жетті. Үздік оқушылар саны артып, қанағат деңгейіндегі оқушылар саны азайды. Бұл білім алушылардың оқу жетістіктерінің жақсарғанын дәлелдейді.

Алдағы оқу жылында білім сапасын одан әрі арттыру, үлгерімі орташа оқушылармен жеке жұмыстарды күшейту және дарынды оқушыларды қолдау бағытындағы жұмыстар жалғастырылатын болады.

Воспитательная работа Талицкой ООШ в 2025–2026 учебном году проводилась целенаправленно и системно. Все основные мероприятия, предусмотренные планом воспитательной работы и программой «Адал Азамат», выполнены в полном объеме. Учащиеся активно участвовали в общественной, экологической, спортивной и творческой деятельности школы, проявляя инициативу и ответственность.

Задачи на 2026–2027 учебный год

  1. Продолжить реализацию программы «Адал Азамат».
  2. Совершенствовать работу по гражданско-патриотическому воспитанию учащихся.
  3. Усилить профилактику правонарушений, буллинга и интернет-зависимости.
  4. Развивать экологическое и волонтерское движение.
  5. Продолжить работу по формированию навыков безопасного поведения и здорового образа жизни.
  6. Повышать эффективность взаимодействия семьи и школы в вопросах воспитания подрастающего поколения.


2025–2026 оқу жылында аға тәлімгердің жылдық жоспары толық көлемде орындалды. Жыл бойы өткізілген іс-шаралар оқушылардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, патриоттық тәрбиесін нығайтуға, шығармашылық және көшбасшылық қабілеттерін дамытуға ықпал етті.

Мектеп парламентінің, «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымдарының және «Адал ұрпақ» клубының жұмыстары нәтижелі ұйымдастырылып, оқушылардың қоғамдық белсенділігі артты. Тәрбие жұмыстарының негізгі мақсаты жүзеге асырылып, білім алушылардың бойында ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыру бағытында оң нәтижелерге қол жеткізілді. 

Мектеп парламенті өзін-өзі басқару ұйымы 2025–2026 оқу жылында жоспарланған жұмыстарды толық деңгейде орындады. Ұйым мүшелері мектеп өміріне белсенді араласып, тәрбие жұмыстарының сапалы өтуіне өз үлестерін қосты.

Алдағы уақытта да мектеп парламенті оқушылардың бастамаларын қолдап, мектептің қоғамдық өмірін дамыту бағытындағы жұмыстарын жалғастырады.